«Тәуелсіз салалық реттеуіштер құру тұжырымдамасын мақұлдау және тәуелсіз салалық реттеуіштер құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1153 Қаулысы (күші жойылды)

Предыдущая страница

Салалар қатысушыларын мемлекеттік тиімді әкімшілендіру мақсатында бағалар, қызмет көрсету стандарттары, қуаттар резервтерінің болуы, қуаттарды жаңғырту және арттыру бойынша жұмыстар жүргізу сияқты кейбір экономикалық және техникалық жағдайлар лицензиялау ережелерінде және лицензияланатын қызмет түрлерімен айналысатын субъектілерге қоятын біліктілік талаптарында айқындалады. Саланың даму реті бойынша жағдайлар өзгеруі мүмкін.

Заңнамамен айқындалған лицензиялау ережелері мен нормаларды бұзу, сонымен қатар біліктілік талаптарға сай келмеуі лицензиялау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеледі - бұл лицензияның қолданылуын тоқтату, айыппұлдар, лицензиядан айыру болуы мүмкін.

Реттеуіштің мәжбүрлеу іс-қимылдары мысалы, осындай іс-қимылдарға шағымдану тетіктері арқылы бақыланатын болады. Өз еркімен айыппұл салу реттеуіштің заңдастырылуының негізін бұзуға және саланы реттеуге байланысты әлуетті инвесторлардың тәуекелге күдігінің пайда болуына алып келуі мүмкін. Алайда, реттеуішке сенімділікті және оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін мәжбүрлеу мәселесінде жеткілікті құқықтарға ие болады, басқаша жағдайда реттеуіштің бұйрықтары қабылданбайтын болады.

Сондай-ақ, белгіленген ережелердің сақталуын мәжбүрлі қамтамасыз ету үшін реттелетін компаниялар мен олардың клиенттерінің өзара қатынасына араласу құқығына ие болады.

 

Болжамдылық пен дәйектілік

Үкіметті қоса алғанда, реттелетін компаниялар мен әлуетті инвесторлардың мүдделі тұлғалары Реттеуіштің әрекеті мен шешімдері болжамды және дәйекті болады деп күтеді. Бұл шешімдер қабылдау үдерісінің ашықтық пен айқындық дәрежесіне байланысты болады.

Реттеуші өз Ережесінің шеңберінде әрекет етуі тиіс. Заңнамада реттеу мақсаттары сияқты шешімдер қабылдау үшін нақты өлшемдер жазылуы тиіс. Реттеу бойынша шешімдер қабылдау өлшемдері сала тұтынушыларын, сол секілді қатысушыларын қорғау қажеттілігін мойындауы қажет. Реттеуіштің шешім қабылдау кезінде белгіленген өлшемдерді сақтауын қамтамасыз ету үшін (ең болмаса негіздеменің шектеулі саны бойынша) реттеуіш шешімін даулау мүмкіндігін қарау қажет.

Реттеуіш реттеудің нақты саясатын әзірлеуі және жекелеген шешімдердің осы немесе өзге проблемалар олар белгілеген саясат шеңберінде шешілуі мүмкін болған жағдайдағы саясатқа сәйкестігін қамтамасыз етуі керек. Реттеуші өзінің саяси бағытының нарықтың өзгермелі шарттарына сәйкестігін үнемі қадағалауы және үлгі боларлық жағдай болмайтынына қатысты проблеманың шешуге шығармашылық сәйкес келуі қажет.

Егер инвестицияларды тарту және жеке сектордың қатысу қажеттілігі болғанда тиімді реттеудің маңызды құрастырушысы нақты жағдайлар мен саяси арыздарға Реттеуіш шешімінің жеткілікті көлемде болжамдылығы және мұндай шешімдер нақты қалыптастырылған қағидаттар мен түйсікке негізделуі болып табылады. Реттеуіш шешімінің болжамдылығы мен дәйектілігі және тәсілдің икемділігі, өзгермелі жағдайларда жедел шешім қабылдау қажеттілігі арасындағы теңгерімге жету қажет.

Экономикалық реттеу үш салаға таралуы тиіс. Мұндай салалардың біріншісі табиғи монополиялардың нарықтық жағдайын бақылау болып табылады. Бұл тариф құруды, қызмет көрсету сапасының айрықшалығын және мониторингін, бәсекелес сегменттердің жұмыс нәтижелеріне сәйкеспеушілікке әкелетін нарықтағы монополиялық жағдайды теріс пайдалануды қадағалауға қатысуды қамтиды.

Саланың бәсекелестік сегменттеріне қатысушылардың мінез-құлқын зерделеу екінші сала болып табылады. Мысалы, электр энергетикасында, өндірістік сегментте реттеуіштер нарық жағдайын теріс пайдаланудың алдын алу үшін көтерме сауда нарығындағы күшті компаниялардың жағдайларын қадағалауға ұмтылады (мысалы: нарық ойындары мен қатысушылардың өзара мәміле жасауы). Бөлшек сауданы жеткізу саласында, әсіресе бәсекелі жұмыс істеудің бастапқы сатысында реттеуіштер нарықта жаңа компаниялардың пайда болуына кедергі жасайтын нарықтық жағдайды теріс пайдалануды қадағалауға қатысып отырады.

Үшіншісі, реттеу есебінен бәсекелестік үдеріске кедергі жасауы мүмкін нарық құрылымындағы өзгерістер бақыланады. Егер кез-келген қатысушылар, оның ішінде, едәуір нарықтық билігі бар қатысушылар еркін біріге алатын немесе бірлескен меншік туралы шарттар жасаса алатын болса, саланы қайта құрылымдаудың әлеуетті пайдасы жоғалған болар еді. Сондықтан да осындай мәмілелер бойынша шешім қабылдауға реттеуіштердің қатысуы бойынша монополияға қарсы органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидатын белгілеу қажет. Бұл ретте, компанияларды біріктіру (сатылы, мысалы, электр энергетикасында: күшті компаниялар мен бөлшек сауда жеткізушілері арасында, сондай-ақ көлденең де, мысалы: екі күшті компаниялар арасында) және жаңа активтерді немесе компанияларды сатып алу мәселелеріне ерекше назар аудару қажет.

Қазақстанда орган тәуелсіздігінің тарихы мен қалыптасқан дәстүрлері және шешім қабылдау үдерісі болмағанын ескере отырып, реттеуіштің институционалдық құрылымы бірқатар шаралар арқылы тәуелсіздікті ұстап тұратындай болып әзірленуі тиіс, ол шаралар мыналардан тұрады:

1) реттеуіштің тікелей немесе жанама меншік иесі немесе оның ортақ бірлесіп иеленуші болып табылатын Үкіметтен бөлінуі;

2) реттеуші органдардың мүшелерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы заңнамалық ережелер;

3) еңбек ақы мен оны тағайындау шарттарын айқындау;

4) реттеуші органын қаржыландыру;

5) реттеуіштер мен қызметкерлерге арналған мінез-құлық кодексі.

Реттеуіш стратегиялық функциялардан босатылуы тиіс.

Реттеу саясатын қалыптастыру функциялары бар уәкілетті мемлекеттік орган әлемдік тәжірибеге сәйкес экономикаға тұтастай жауап беретін орган болып табылады. Осыған байланысты, реттелетін салалардағы тарифтік саясат бөлігіндегі стратегиялық функцияларды Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, ал қалған стратегиялық функцияларды тиісті министрліктерге бекіту мүмкіндігін қарау қажет.

4. Салалық реттеуіштер құрудан күтілетін нәтижелер

 

Салалық реттеуіштер құру тарифтер құрудың теңгерімді жүйесі, бәсекелестікті дамыту, салалардың инвестициялық тартымдылық мәселелерін шешу, негізгі қорларды жаңғырту және тұтынушылар мен қызмет көрсетушілер арасында мүдделерді теңгерімді белгілеу бөлігіндегі нысаналы жұмысқа ықпал ететін болады.

Тәуелсіз салалық реттеуіштің жұмыс кезеңінен кейін саясат үшін елеулі маңызы бар қалыптасқан нарықтың, сондай-ақ бәсекелестік саласындағы заңнаманы жетілдіру уақыты келіп жетеді.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 30 қарашадағы

№ 1153 қаулысымен

бекітілген

 

 

Тәуелсіз салалық реттеуіштер құру жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

Р/сN

Іс-шара

Аяқтау

нысаны

Орындауға (іске асыруға) жауаптылар

Орындау (іске асыру) мерзімдері

1

2

3

4

5

1

«Қазақстан Рес-

публикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетіл-

діру туралы»

Қазақстан Рес-

публикасы Прези-

дентінің Жарлы-

ғын әзірлеу

Қазақстан

Республикасының Президенті Жарлығының

жобасы

ЭБЖМ (жинақтау), ТМРА, АБА

2008 жылғы қаңтар

2

«Тәуелсіздік салалық реттеуіштер туралы» (ілеспе заң жобалары) және «Тәуелсіздік салалық реттеуіштер қызметі мә-

селелер жөнінде кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы«Заң жобалары тұжырымдамаларын

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобасы қызметінің мәселелері бойынша ведомствоаралық

комиссияға ұсыну

Қазақстан

Республикасы

Үкіметінің

жанындағы

заң жобалау

қызметінің мәселелері

бойынша ведомствоаралық

комиссияның

қорытындысы

ЭБЖМ (жинақ-

тау), ЭМРМ,

ККМ, АШМ,

ТМРА, АБА,

БҚА

2008 жылғы ақпан

3

Салалық реттеуіштер қызметін тиімді бағалау әдістемесі мен критерийлерін анықтау жөнінде ұсыныстарды енгізу

Қазақстан

Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ (жинақ-

тау), ТМРА,

АБА, БҚА

2008 жылғы маусым

4

Салалық реттеуді жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ (жинақ-

тау), ЭМРМ,

ККМ, АШМ,

ТМРА, БҚА,

АБА

2009 жылғы

желтоқсан

 

Қосымша: аббревиатуралардың толық жазылуы:

БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелістікті қорғау агенттігі;

АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі;

ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі;

АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;

ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі.